Астана әуежайында "бомба бар" деп әзілдеген шетелдік рейстен түсірілді

Фото: ҚР Терроризмге қарсы орталығы
Фото: ҚР Терроризмге қарсы орталығы
Жолаушының сөзіне байланысты тексеру жүргізілді.

Астана әуежайында өзінде жарылғыш құрылғы бар екенін әзілдеп айтқан шетел азаматы рейстен түсірілді. Авиациялық қауіпсіздік қызметі мен көлік полициясы оқиғаға байланысты жедел шара қабылдады, деп хабарлайды Терроризмге қарсы орталық.

Терроризмге қарсы орталықтың мәліметінше, жолаушы ұшар алдында өзінде жарылғыш құрылғы бар екенін әзіл ретінде айтқан. Әуежай қызметкерлері бұл мәлімдемеге қауіпсіздік талаптарына сәйкес жедел әрекет еткен. Жолаушы тексеріліп, рейстен түсірілген. Оқиғаның мән-жайы құзыретті органдардың қарауына берілді.

Терроризмге қарсы орталық әуежайларда жарылғыш заттың бар екені туралы кез келген мәлімдеме, тіпті әзіл ретінде айтылса да, ықтимал қауіп ретінде қарастырылатынын ескертті.

"Әуежайларда жарылғыш заттар бар екені туралы кез келген мәлімдеме, тіпті әзіл ретінде айтылса да ықтимал қауіп ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайлар міндетті түрде тексеруді талап етеді және заңда көзделген құқықтық салдарға әкелуі мүмкін. Авиациялық қауіпсіздік саласында жолаушылар мен экипаждың өмірі мен денсаулығын қорғау басты басымдық болып саналады. Сондықтан жарылғыш құрылғылар туралы жауапсыз мәлімдемелерге жол берілмейді", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау