Астанада LRT жүйесіне қызметкерлер қабылдау басталды: оқыту тегін өтеді

Фото: CTS
Фото: CTS
Қызметкерлер Қытай мен Қазақстанда оқытылады.

City Transportation Systems ЖШС елордадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеу үшін мамандарды қабылдау науқаны басталғанын хабарлады.

Компания келесі лауазымдарға үміткерлер іздейді: станциялардың ауысым басшылары, станция кезекшілері, қозғалыс диспетчерлері, орталықтандыру бекетінің диспетчерлері, инфрақұрылымды басқару орталығының диспетчерлері, дабыл және байланыс техниктері, электр монтерлері, жол жөндеу шеберлері, жабдықтарды жөндеу слесарьлары және қойма меңгерушілері.

Компанияның мәліметінше, LRT жүйесінде жұмыс істейтін болашақ мамандарды оқыту жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Теориялық және практикалық дайындық Қазақстан мен Қытайда өтеді. Курстың ұзақтығы 4–6 айды құрайды. Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушылар халықаралық сертификат алып, LRT бөлімшелерінде жұмысқа орналастырылады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

  • көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар бойынша жоғары немесе орта-арнаулы білім;
  • кемінде екі жылдық еңбек өтілі.

Толық біліктілік талаптары мен өтінім беру тәртібі cts.gov.kz сайтында көрсетілген.

Серіктестер жаңалықтары