Абай облысында ELL QUATY қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Тергеу барысында қаржы пирамидасына 1,5 мыңнан астам адам тартылғаны анықталды.

Абай облысында тұтыну кооперативі ретінде жасырынып жұмыс істеген ELL QUATY қаржы пирамидасының қызметі әшкереленіп, тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ұйым азаматтарды HALYK QUATY кооперативіне мүше болуға шақырып, тұрғын үй мен автокөлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы ала аласыз деп сендірген. Алаяқтар салымшылардан пайлық жарналар жинап отырған.

"Кооператив өзінің қызметін halykquaty.kz сайты мен әлеуметтік желілерде белсенді жарнамалап, "Әр отбасыға бақыт!" деген ұранды пайдаланып, өзін халықтық ұйым ретінде көрсетуге тырысқан. Сонымен қатар HALYK тауарлық белгісін заңсыз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін атауы ELL QUATY болып өзгертілген, – делінген хабарламада.

Жаңа салымшыларды тарту үшін жүргізілген айла-шарғылар:

  • маркетингтік акциялар мен ұтыс ойындары ұйымдастырылған;
  • соның ішінде "Солнечная Турция" туристік жолдамаларын ұтысқа қойған;
  • салымшылардан түскен қаражатты жасыру үшін ұйымдастырушы өзінің атына QAZ INFO MARKET ЖШС тіркеп, қаражатты жалған көрсетілген қызметтер арқылы шығарып отырған.

Тергеу барысында қаржы пирамидасына 1,5 мыңнан астам адам тартылғаны анықталды. Олар жалпы 6,8 млрд теңге құйған. Ұйымдастырушы қамауға алынып, қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары