USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Үндістанда танымал актерді көруге жиналғандар тапталып, 13 адам қаза болды

Фото: Reuters
Фото: Reuters
Ажал құшқандардың 13-і әйел болса, 9-ы бүлдіршін екен.

Үндістанда танымал актерды көруге жиналған жұрт тапталып қаза тапты. 40-қа тарта тұрғын жанкүйерлердің арасында қысылып қалып, мерт болған. Ал түрлі деңгейде жарақат алған 100 шақты адам ауруханада жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қайғылы оқиға кино жұлдыз, әрі саясаткер Виджайдың сайлауалды науқаны аясында өткен қоғамдық кездесу кезінде болған. Актердің сөзін тыңдауға 30 мыңға жуық адам жиналып, алаң адамға лық толды. 

Видеодан жанкүйерлердің үгіт-насихат көлігін қаумалап тұрғаны көрінеді. Осы сәтте топ арасындағы бірнеше адам құлап, арты қайғылы жағдайға ұласты. Ажал құшқандардың 13-і әйел болса, 9-ы бүлдіршін екен. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау