Қыркүйек айының соңында егін жинау науқанына ауа райы кедергі келтіруі мүмкін. Бұл туралы экология вице-министрі Нұркен Шәрбиев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Синоптиктердің болжамынша, 23-30 қыркүйек аралығында еліміздің негізгі астықты өңірлерінде жаңбыр жауады.
- Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі;
- Ақтөбе облысында 26-30 қыркүйекте жауын-шашын болады;
- Батыс Қазақстанда – 25-29 қыркүйек аралығында;
- Қарағанды, Ұлытау облыстарында – 23-30 қыркүйекте;
- Павлодар облысында – 23-25 қыркүйек және 28-30 қыркүйекте;
- Шығыс Қазақстанда – 23-24 қыркүйек және 29-30 қыркүйекте жаңбыр жауады.
Сонымен қатар түнгі уақытта үсік жүруі мүмкін. Дегенмен, қазан айында ауа температурасы қалыпты деңгейде сақталатыны хабарланды.
Айта кетейік, елімізде егін жинау науқаны жүріп жатыр. Қазіргі таңда 10,2 млн гектардан 15,5 млн тонна астық бастырылды. Биылғы болжам бойынша жалпы өнім көлемі шамамен 24 млн тоннаға жетеді.
USD:
490.9 / 493.7
EUR:
561.0 / 566.0
RUB:
6.11 / 6.23
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…