Түрікменстан президенті мемлекеттік сапармен Астанаға келді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданың мәліметінше, Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан президенті келетіні хабарланған болатын.

Серіктестер жаңалықтары