Тоқаев Үкіметке шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел әзірлеуді тапсырды

Ақорда баспасөз қызметі
Ақорда баспасөз қызметі
Президенттің айтуынша, жергілікті өнімді дамытуға, білім мен заманауи технологияларға басымдық беру айтарлықтай нәтиже беретінін тәжірибе көрсетіп отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шағын және микро бизнесті қолдауға бағытталған бірыңғай бағдарламаны шұғыл әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысы бұл құжат өңірлердің ерекшелігін ескеріп, кәсіпкерлерге нақты әрі тиімді қолдау тетіктерін қамтуы керектігін атап өтті.

Президенттің айтуынша, жергілікті өнімді дамытуға, білім мен заманауи технологияларға басымдық беру айтарлықтай нәтиже беретінін тәжірибе көрсетіп отыр.

"Жергілікті өнімге, білім мен заманауи технологияға басымдық беру айтарлықтай нәтиже әкелетінін тәжірибе көрсетті. Мысал ретінде Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) және "Атамекен" ұлттық палатасының қолдауымен жүзеге асқан "Бір ауыл – бір өнім" жобасын келтіруге болады. Ауыл-аймақтардан осындай ақылға қонымды өтініштер мен ұсыныстар жиі түседі. Мәселен, қой мен ірі қара терісін өңдейтін кәсіпорын ашу туралы бастаманы айтуға болады. Неге екенін қайдам, қанша жыл өтсе де осы шаруаны Үкімет те, бизнес те қолға алмаған. Әйтсе де шағын және бизнес бұл кәсіппен айналысуға ниетті", – деді мемлекет басшысы. 

Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарынан мұндай мазмұндағы ұсыныстар жиі түсетінін айтты. Соның бірі – қой мен ірі қара терісін өңдейтін кәсіпорын ашу туралы бастама. Президент бұл идеяның бірнеше жыл бойы айтылып келе жатқанына қарамастан, Үкімет те, жеке сектор да әлі күнге дейін қолға алмағанын сынға алды. Оның пікірінше, шағын бизнес бұл бағытпен айналысуға дайын, тек жүйелі қолдау қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мемлекет пен бизнестің ортақ жауапкершілік қағидатына негізделген тиімді өзара іс-қимыл жасауына жағдай жасауды міндеттеді. Президенттің айтуынша, мұндай қадам ауылдар мен шағын қалалардың экономикалық дамуына тың серпін беріп, жергілікті кәсіпкерліктің өркендеуіне жол ашады.

Серіктестер жаңалықтары