Шымкентте заңсыз құмар ойын ұйымдастырғандар 93 млн теңге тапқан

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру үшін үшінші тұлғалардың атына банк карталарын рәсімдеген.

Шымкенттен шыққан заңсыз құмар ойын ұйымдастырушылары 93 млн теңгеден астам табыс тапқан. Бұл туралы Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, күдіктілер екі жыл бойы TikTok пен YouTube платформаларында TauBrat парақшасы арқылы тікелей эфирлер жүргізіп, "Тринька" деп аталатын заңсыз құмар ойынды ұйымдастырған.

Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру мақсатында олар "дроптардың" көмегіне жүгініп, үшінші тұлғалардың атына банк карталарын рәсімдеген. Осы карталар арқылы ақшаны қолма-қол шешіп отырған. Нәтижесінде қылмыстық жолмен тапқан жалпы табыс 93 млн теңгеден асқан.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда кейбір әлеуметтік төлемдер 10 пайызға артады


Аталған қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata маркалы автокөлік пен жер телімі бар тұрғын үй сатып алғаны анықталды.

Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды. Заңсыз ойын ұйымдастырған екі адам екі ай мерзімге қамауға алынды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары