Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке әкімдік ғимаратының жанында атылған оқтан кейін ота жасалды, деп хабарлайды Otyrar.
Зардап шеккен адамның жағдайы бастапқыда ауыр деп бағаланған. Дәрігерлер оны тұрақтандырып, ауруханаға жеткізді. Онда шұғыл түрде төрт сағаттан астам уақыт ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
"Отадан кейін Берденовке келесі диагноз қойылды: оң жақ кеуде қуысындағы оқтың енуінен пайда болған жарақат әсерінен оң жақ өкпе төменгі бөлігінің, қабырға аралық артериялар мен диафрагманың көп жері зақымданған; оң жақтан болатын гемопневмоторакс. Сонымен қатар, іш қуысының көп жарақаттары бауырдың зақымдануына, ішкі қан кетуге, оң жақ бүйрек, иық пен білекке оқтың тиюіне байланысты сыртқы қан кетуге әкелген. Плевропульмоналдық және геморрагиялық шок тіркелді", – деп жазады басылым.
Берденовтің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Ол үздіксіз дәрігерлердің бақылауында болып, барлық қажетті медициналық көмекті алды.
Оқи отырыңыз: "Заң аясында шешілуі тиіс". Respublica партиясы Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты ұстанымын жария етті
Оқиға 21 сәуірде Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында болды. Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
USD:
507.9 / 511.3
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.49 / 6.61