Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті

Рәтбек қажы 85 жасында Алласына қайтты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірінші бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлының демі үзілді. Қаралы хабарды жазушы Бейбіт Сапарәлі жеткізді. 

"Ережеп айының соңғы жұма күнінде, миғраж кеші өткен соң Қазақ Елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш бас мүптиі, ҚМДБ-ның ең алғашқы төрағасы Рәтбек қажы Нысанбайұлының бұл пәни жалғандағы соңғы демі үзіліп, раббысына қайтыпты. Қызыл террор коммунист атеистер еліміздің әр шалғайында 29 мешіт қана қалдырған кезеңнен екі жарым мың мешітке жеткізген он жылдық бас мүптилік кезеңде тұңғыш дінбасының атқарған істері өте ауқымды. Қазақстан Мәжілісінің депутаты бола жүріп Дін туралы алғашқы Заң қабылдануына да белсене атсалысқан болатын. Қажылық керуенін де түзеп, мұсылман әлемімен дұрыс байланыс жасауды да шешімділікпен қолға алған еді. Алғашқы медіреселер, исламдық оқу ордаларының іргетасы да сол жылдарда қаланған", – деп жазды Бейбіт Сапарәлі.

ҚМДБ ақпаратына сәйкес, Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылдың қарашасында Түркістан облысында дүниеге келді. ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірді. 1964 жылы Бұхарадағы "Мир-Араб" медресесін және Бұхара педагогикалық институтын тәмамдады. 1969-1975 жылдары Ливия университетінің Шариғат және құқық факультетінде оқып, жоғары діни білім алды. Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1979 жылдан бастап Қазақстанның қазиі болды.1990 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын құрып, бас мүфти болып сайланды. Рәтбек қажы 2000 жылға дейін діни басқарманы басқарды.

4 күн бұрын, 12 қаңтарда бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рәтбек қажы Нысанбайұлын Ислам дінінің дәріптелуіне, діни білім мен ғылымның дамуына ерекше үлес қосқан тұлғаларға берілетін ҚМДБ-ның ең жоғары наградаларының бірі – "Шарапат" орденімен марапаттаған болатын.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз