USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Қазақстанда үш банктің клиенті бір QR арқылы төлем жасай алады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қазақстанда банкаралық QR-төлемдер сервисі іске қосылды.

Ұлттық банк үш банкпен бірлесіп жаңа банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Жүйе банктердің мобильді қосымшалары арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жасауға мүмкіндік береді.

30 қыркүйектен бастап сервис үш банктің клиенттеріне қолжетімді болды. Төлем жасау үшін сатушының терминалындағы QR-кодты мобильді қосымша арқылы сканерлеп, төлемді растау жеткілікті.

Ұлттық банктің мәліметінше, бұл сервис банктер арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетіп, төлем қызметтерінің қолжетімділігін арттырады. Алдағы уақытта жүйеге басқа да қаржы ұйымдары кезең-кезеңімен қосылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау