Елімізде газ тұтыну нормадан асқан жағдайда баға белгілеуде сараланған тәсіл қолданылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин айтты.
Депутаттың сөзіне қарағанда, қазіргі баға жүйесі тұрғындардың нақты тұтыну көлемін есепке алмайды әрі өңірлердің климаттық ерекшеліктерін ескерілмейді. Мысалы, жылы өңірде орналасқан 200 шаршы метрлік үй суық климаттағы осындай үйге қарағанда көбірек газ тұтынады, бірақ бұл айырмашылық бағаға әсер етпейді.
"Бұл әлеуметтік әділеттілік қағидатын бұзып, газды үнемдеуге ынталандырмайды", – деді Еділ Жаңбыршин.
Заң жобасында тұтыну нормаларын бекіту және белгіленген нормадан асқан жағдайда бағаға сараланған тәсіл қолдану ұсынылады. Депутат атап өткендей, мұндай механизм су және энергетика саласында қолданылады, ал Әзербайжан мен Өзбекстанда бұрыннан енгізілген.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13