Алматыда көмір мен сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұл тыйым 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Алматыда 2026 жылы 30 желтоқсаннан бастап қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым енгізіледі. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы хабарлады. 

Оған мәслихаттың Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидалары негіз болып отыр. 

"Аталған талаптар қаланың газдандырылған аумақтарына қатысты Қағидалардың 52-тармағында көзделген. Құжатқа сәйкес, газға қосылу мүмкіндігі бар жеке тұрғын үйлерде, моншаларда және көппәтерлі үйлерді жылытатын жекелеген қазандықтарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады. Төтенше жағдай кезінде жылу және энергиямен жабдықтаудың резервтік көздерін пайдалануға рұқсат етіледі", – делінген хабарламада. 

Бұл талаптар жылыту қазандықтарын пайдаланатын шаруашылық субъектілеріне де қолданылады. Шығарындылар көздері ластаушы заттарды тазарту қондырғыларымен міндетті түрде жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар, арнайы техника, бензин және дизель генераторлары да экологиялық талаптарға сәйкес болуы қажет. 

Осылайша, шектеу тек моншаға ғана емес, газдандырылған аумақтарда орналасқан жеке тұрғын үйлерге де қатысты.

Айта кетейік, қазіргі таңда Алматыдағы жеке сектордың газдандыру деңгейі шамамен 99,6%. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз