Қазақстанда қаржы операцияларының ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыратын бірқатар жаңа шаралар енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов үкімет отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, енді басқа адамның банк картасына 500 мың теңгеден жоғары сома аударылған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету міндетті болады. Бұған дейін тек алушының ЖСН нөмірін жазу жеткілікті болатын. Сондай-ақ, мұндай операцияларды мобильді қосымша немесе SMS арқылы растау мүмкіндігін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.
"Бұл шаралар көлеңкелі мақсатта банк жүйесін пайдалануға жол бермейді және қаржылық операциялардағы тәуекелдерді азайтады", – деді Қайрат Бижанов.
Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер банкоматтардың бейнебақылау камераларындағы жазбаларды кемінде 180 күн сақтауға міндеттеледі. Бұл күмәнді транзакцияларға қатысы бар тұлғаларды жедел анықтауға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы сукук: Халал инвестиция дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді
Қайрат Бижанов биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу мәселесі де қарастырылып жатқанын айтты. Бұл бет-әлпет немесе саусақ ізі арқылы клиентті тануға мүмкіндік береді.
"Аталған шараларды жүзеге асыру анонимді аударымдарға қосымша тосқауыл қойып, банк жүйесін заңсыз мақсатта пайдалануға жол бермейді", – деді агенттік төрағасының орынбасары.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59