USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.73 / 5.85
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Қазақстан байдарка және каноэден Азия марафонында 5 алтын жеңіп алды

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Іс-шараға Азияның 13 елінен 250-ге жуық ескекші жиналды.

Қытайдың Гонконг қаласында өткен байдарка және каноэден Азия чемпионатының марафоны өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте бес алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Спорт және туризм министрлігі хабарлады.

Қазақстан қоржынындағы жүлделер:

Татьяна Токарницкая (байдарка):

3400 м – алтын
20 км – алтын
500 м – алтын
200 м – алтын

Тимофей Емельянов (каноэ):

3400 м – күміс
16 км 800 м – алтын
500 м – қола
200 м – қола

Гонконгтағы марафонға Қазақстан сапынан екі спортшы қатысқан. Іс-шараға Азияның 13 елінен 250-ге жуық ескекші жиналды. Қазақстандық спортшылардың нәтижесі ұлттық құраманың Азия құрлығында бәсекеге қабілетті екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау