Қазақстан экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндіктерін ашу, бәсекелестікті күшейту және инвестиция тарту бағытында ауқымды өзгерістер жүргізіп келеді. Президент елдің орнықты дамуын тежеуі мүмкін негізгі тәуекелдерге назар аударып, инфляцияны бақылау, бюджеттік тәртіпті қатаңдату және импортқа тәуелділікті азайту қажеттігін атап өтті.
"Соңғы жылдары бәсекелестіктегі артықшылықтарымызды толық ашуға, экономикалық өсімнің тың мүмкіндіктерін табуға, инвестиция тартуға және кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға бағыт алдық. Үкіметтің алдында сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету міндеті тұр. Жолдауда инфляцияның шарықтауына жол беруге болмайтынын айттым. Өйткені инфляция азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық шешім мен әрекетті жоққа шығарады. Бұл орайда өте қатаң бюджет тәртібін орнатпаса болмайды. Қаржы тек ішкі жалпы өнімнің өсуіне, Қазақстанның әлемдік аренада лайықты орнын алуына ықпал ететін басым жобалар мен бағдарламаларға ғана жұмсалуға тиіс", – деді мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз: Президент: Алдымызда бизнес бетпе-бет келетін әкімшілік кедергілерді азайту міндеті тұр
Президент ауыл шаруашылығы өнімдерімен және халық күнделікті тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмей отырғанын айтты.
"Ауыл шаруашылығы өнімдерімен, халық күнделікті тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмей келеді. Импорт өте көп. Ол көзге анық көрініп тұр. Бірқатар тауар номенклатурасы бойынша сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз. Қазақстанда бұған жол беруге болмайды. Оның үстіне биыл мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына 1 триллион теңге қолдау жасалды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ал еліміз шығаратын өнім көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 8,5 триллион теңгеге бағаланды", – деді ол.
USD:
507.9 / 511.3
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.49 / 6.61