Павлодарда жеті оқушы мектепте күйік жарақатын алды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Қазіргі уақытта бір оқушы ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Павлодар қаласында №26 мектептің жетінші сынып оқушылары химия пәні сабағында жарақат алды. Оқиға кезінде жеті бала күйік шалған.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта бір оқушы ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қауіпсіздік талаптарының сақталуы қатаң тексерілуде", – деп мәлімдеді басқармадан.


Оқи отырыңыз: 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін: "Қайрат" пен "Реал Мадрид" кездесуіне билет қашан сатылады


Қазіргі кезде аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау