Астанада мас күйінде көлік басқарған судья жауапқа тартылды. Осылайша сот Асел Досаеваға 786 400 теңге айыппұл салды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Оқиға өткен жылдың 1 қарашасына қараған түні болған. Полицейлер күдік туғызған шетелдік көлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде темір тұлпар тізгіндеген әйелдің ішімдік ішкені анықталған. Одан бөлек жүргізуші куәлігінің мерзімі де өтіп кеткен екен.
Осылайша, автомобиль айыптұраққа жөнелтілген. Бірақ, бірден жаза қолданылмаған. Себебі судьялық иммунитеттің арқасында фемида жазадан құтылып кетпекші болған. Іс тек Бас прокуратураның президентке жолдаған ұсынысынан кейін ғана алға жылжыған. Сөйтіп, әкімшілік кодекстің 608-бабымен елордалық судья Асел Досаеваға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған. Әдетте бұл бап әкімшілік қамауға әкеледі.
Сот әріптесінің 14 жасқа толмаған баласы барын ескеріп, тек айыппұлмен шектелген екен.
USD:
511.3 / 515.3
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.27 / 6.47