"Мас күйде жанжал шығарған". Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды

Дәулет Шабанбай / Фото Gov.kz
Дәулет Шабанбай / Фото Gov.kz
Павлодарда Олимпиада қола жүлдегеріне үкім шықты.

Павлодар қаласында еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты сот үкімі шықты. 42 жастағы спортшы билік өкілдеріне күш қолданды деген айыппен кінәлі деп танылды.

Іс материалдарына сәйкес, биыл қыркүйек айында Шабанбай көшеде өзін тоқтатқан Ұлттық ұланның үш әскери қызметкеріне тіл тигізіп, кейін оларға жұдырық ала жүгірген. Оқиға спортшы дәмханадан мас күйде шыққан кезде болған.

Сот шешімімен Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болды.

Айта кетейік, Дәулет Шабанбай 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында қола жүлде жеңіп алған. Аталған медаль оған 2022 жылы, яғни екі қарсыласы допинг дауына байланысты шеттетілгеннен кейін ресми түрде берілген. Спортшы 2020 жылы кәсіби мансабын аяқтаған.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз