2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 237,3 мың адам қамтылды. Жалпы есеппен 529,6 мың қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мансап орталықтары арқылы субсидияланатын жұмыс орындарына 137 мың адам жіберілді. Оның ішінде:
- әлеуметтік жұмыс орындарында – 12 мың адам,
- жастар практикасында – 12,6 мың адам,
- қоғамдық жұмыстарда – 92,8 мың адам,
- "Күміс жас" жобасы аясында – 15,9 мың адам,
- "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша – 3,5 мың адам,
- "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы арқылы – 171 адам еңбекке тартылды.
"Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 51,1 мың жұмыссыз қамтылып, олардың 47,6 мыңы оқуды аяқтады. Сондай-ақ, "Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 44,3 мың адам оқытылып, 25,4 мыңы сертификат алды. Жұмыс берушілердің өтініші бойынша 4 892 адам кәсіби оқытуға жіберілді, оның ішінде 1 114-і курсты аяқтап, 375-і жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, 261,9 мың адам кәсіптік бағдарлау бойынша кеңес алды", – делінген хабарламада.
Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылды:
- белсенді шаралар шеңберінде – 137 мың адам,
- электронды еңбек биржасы арқылы – 108,7 мың адам,
- "10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны" бастамасы аясында – 263,9 мың адам,
- орталық мемлекеттік органдар жобалары арқылы – 20 мың адам.
Сонымен қатар 2025 жылы әлеуметтік осал топтарға жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. 1 қыркүйекке дейін республика бойынша 4 287 грант берілді.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59