Қазақстан премьерінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәжіліс депутаттарының сұрағына орай, жеңіл көлікті 2-3 жылда бір рет техникалық тексеруден өткізу идеясына өз жауабын берді.
Оның айтуынша, мұндай бастаманы қолданысқа енгізуге Қазақстанда әлі ерте. Салыстырмалы жол жағдайлары мен автопарк құрылымы бар елдердің көпшілігінде жыл сайынғы техбайқау жиілігі сақталады. Сәйкесінше, үш жылдық аралық көлік қауіпсіздігі саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді.
"Техбайқау жол қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін ақауларды уақтылы анықтауға бағытталған профилактикалық функцияны орындайды. Техникалық себептерге байланысты жол-көлік оқиғаларының үлесі аз болғанымен, тіпті бір ақаулық (тежеу жүйесі, рульдік басқару және т.б.) ауыр зардаптарға, соның ішінде адам өліміне әкелуі мүмкін. Техбайқаудың үш жылдық аралығына көшу, әсіресе елдегі автомобильдердің орташа жасын (10 жастан жоғары) ескере отырып, автокөліктің техникалық жарамдылық деңгейінің төмендеуіне, жыл сайынғы бақылаудан бас тарту көлік құралдарын дұрыс пайдаланбаудың өсуіне және соның салдарынан апаттылықтың артуына әкелуі мүмкін", – деп жауап берді Роман Скляр.
Оның сөзінше, әкімшілік мәселелер қауіпсіздік шараларын әлсірету арқылы емес, цифрландыру, қадағалауды күшейту және операторларға қойылатын талаптарды қатаңдату арқылы шешілуі керек.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63
