Flydubai әуе рейсіндегі шабуыл. Израильдің Қазақстандағы елшілігі мәлімдеме жасады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазіргі таңда оқиға террористік шабуыл жасау әрекеті ретінде тергеліп жатыр.

Израильдің Қазақстандағы елшілігі Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai әуе компаниясының FZ1073 рейсі бортында болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. 

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта оқиға жиһадшыл сипаттағы террористік шабуыл жасау әрекеті ретінде тергеліп жатыр. Тергеу жалғасуда. Қосымша ақпарат тек тексеріліп, расталғаннан кейін жарияланады.

Бортта негізінен Израиль азаматтары болған әуе кемесі бағытын өзгертіп, Сауд Арабиясының Табук қаласына аман-есен қонды. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері аман.

"Израиль шабуыл кезінде батыл әрекет етіп, кабинаға кіріп, шабуыл жасаған адамды залалсыздандыруға көмектескен израильдік жолаушылардың айрықша ерлігіне жоғары баға береді. Олардың жедел әрі батыл әрекеттері, сондай-ақ БАӘ азаматтары мен басқа да экипаж мүшелерінің кәсіби шеберлігі мен ерлігі ықтимал ауқымды қасіреттің алдын алып, борттағы барлық адамның өмірін сақтап қалды. Бұл тек Израиль азаматтарына жасалған шабуыл емес. Бұл – Әмірліктердің азаматтық авиациясына, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Әмірліктер мен Израиль арасындағы нығайып келе жатқан берік қарым-қатынасқа қарсы әдейі жасалған шабуыл. Сонымен қатар бұл – Авраам келісімдеріне және олар қалыптастырған бейбітшілік, ынтымақтастық пен қалыпқа келтірудің тарихи негізіне тікелей соққы беруге жасалған әрекет", – делінген мәлімдемеде. 

Бұл ретте Израиль халықаралық қауымдастықты террористік ұйымдарды қаржыландырумен, қару-жарақпен және әскери даярлықпен қамтамасыз ететін, оларға қауіпсіз баспана беретін немесе саяси қолдау көрсететін мемлекеттерді жауапкершілікке тартуға шақырады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау