Бір палаталы парламент: Тоқаев жұмыс тобы туралы өкімге қол қойды

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
Жұмыс тобына мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жетекшілік етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Өкім мәтіні Ақорда сайтында жарияланды. 

"Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыс тобы құрылсын", – делінген өкімде.

Жұмыс тобына мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жетекшілік ететін болса, оның орынбасарлары болып президенттік көмекшілері Ержан Жиенбаев пен Арман Қырықбаев белгіленді. 

Жұмыс тобының мүшелері:

  • Айтқожин Қабдолсамих – заң ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессоры;
  • Әзілханов Марат – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығың меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;
  • Әубәкірова Индира – заң ғылымдарының докторы, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК директоры;
  • Бәшімов Марат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;
  • Бейсенбаев Елнұр – ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Аманат" фракциясының басшысы;
  • Бекназаров Нұрлан – ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;
  • Егізбаев Серік – ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Ауыл" фракциясының басшысы;
  • Жаманқұлова Қарлығаш – "Әділ сөз" сөз еркіндігін қорғау халықаралық қорының президенті;
  • Жақаева Лейла – заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Кеңесінің Сот төрелігі академиясының профессоры;
  • Жарылғанов Айдар – ҚР Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі;
  • Имашева Снежанна – ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы;
  • Караев Алипаша – заң ғылымдарының кандидаты, Каспий университеті "Әділет" Жоғары құқық мектебінің профессоры;
  • Қожаназаров Айдарбек – ҚР Парламенті Мәжілісінің "Республика" фракциясының басшысы;
  • Құлшыманов Қанат – ҚР Президентінің Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі;
  • Магеррамов Магеррам – ҚР Парламенті Мәжілісінің "Қазақстан халық партиясы" фракциясының басшысы;
  • Малиновский Виктор – заң ғылымдарының докторы, "Нархоз университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғам профессоры;
  • Нүкенов Абзал – ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
  • Нұрмұхамедов Бөріхан – саясаттанушы;
  • Пан Наталья – ҚР Президентінің Іс басқармасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына қарасты "Парламентаризм институты" ШЖҚ РМК директоры;
  • Перуашев Азат – ҚР Парламенті Мәжілісінің "Ақ жол" фракциясының басшысы;
  • Пономарев Сергей – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Рақымжанов Асхат – ҚР Парламенті Мәжілісінің "Жалпыұлттық социал-демокртиялық партия" фракциясының басшысы;
  • Сәрсембаев Ерлан – ҚР Әділет министрі;
  • Сарым Айдос – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Чеботарев Андрей – Ұлттық құрылтай мүшесі, "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры;
  • Шаймарданов Жандос – ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры;
  • Шапақ Үнзила – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;
  • Шаталов Никита – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Шибутов Марат – Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы;
  • Ыбыраева Алуа – заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.
Серіктестер жаңалықтары