Белгілі актер Мұрат Бисембин өмірден өтті

Ол ұзақ уақыт бойы қатерлі ісікпен күрескен болатын.

Танымал актер Мұрат Бисембин бүгін дүние салды. Бұл туралы актердің қызы Диана Болатова хабарлады. 

Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдығып, сырқатымен ұзақ уақыт күрескен болатын. Оның науқасы туралы алғаш 2024 жылы күзде хабар тарады. Соған байланысты, ол жаңа жобаларынан бас тартқан болатын. Ал 2025 жылғы желтоқсанда актер инсульт алуына байланысты ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы туралы қызы Диана Болатова әлеуметтік желіде тұрақты жазып отыратын. 

Актер "Рэкетир" және "Ағайындылар" фильмдеріндегі рольдерімен аса танымал. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі отандық кинематографияда өзіндік қолтаңбасын қалдырған белгілі актер, тележүргізуші Мұрат Бисембиннің өмірден озуына байланысты отбасы мен жақындарына, әріптестері мен барша өнерсүйер қауымға қайғыра көңіл айтты.

"Мұрат Бисенбин – ұлттық кино өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға. Ол бірқатар фильмдер мен тележобаларда көрерменге кеңінен танылып, экранда жасаған көркем бейнелері арқылы отандық кинематография тарихында өз орнын алды", – делінген министрліктің жазбасында. 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары