Ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста жолдар жабылды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
24 учаскеде көлік қозғалысы шектелді.

Тоғыз облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы Магомет Ахриев.

Республикалық маңызы бар тасжолдардағы 30 учаскеде және облыстық маңызы бар тасжолдардағы 24 учаскеде көлік қозғалысы шектелді.

Шектеулер Астанада, сонымен қатар Ақмола, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында енгізілді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары