Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді.
Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Ақмола облысында келесі автожол учаскелері жабылды:
- "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 304–341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
- "Көкшетау – Рузаевка" автожолының 0–61 шақырымы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
- "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық" автожолының 2–50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысында мына жол бөліктерінде қозғалыс шектелді:
- "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 341–367 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Келлеровка ауылы);
- "Көкшетау – Рузаевка" автожолының 61–91 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Саумалкөл ауылына дейін);
- "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық" автожолының 50–85 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы).
Аталған жолдарды бүгін сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Сонымен қатар ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда да қозғалыс шектелді. Атап айтқанда:
- "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз" автожолының 17–217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Қарқаралы ауылы);
- "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 8–108 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Әулиекөл ауылы).
Бұл жолдарда қозғалысты бүгін сағат 15:00-де қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Жүргізушілерге алыс жолға шықпас бұрын жол жағдайын нақтылап, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады.
lw-3094948329-1
USD:
505.5 / 511.5
EUR:
589.5 / 596.5
RUB:
6.31 / 6.45