Астанада үш тұрғын үй кешенінде қыздарды жезөкшелікке күштеген қылмыстық топ ұсталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Астананың сол жағалауындағы бірнеше тұрғын үй кешенінде қыздарды жезөкшелікке тартумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

ІІМ мәліметінше, құрамында 14 адам бар топ басқа аймақтан келген. Олар жайлы полицияға қала тұрғындары шағым түсірген.

"Жедел ақпарат пен елорда тұрғындарының арыз-шағымдарын тексеру барысында "Лазурный квартал", "Дипломат" және "Мисон" тұрғын үй кешендерінде жыныстық қанаумен байланысты заңсыз бизнес ұйымдастырғандар анықталды. 14 адам ұсталды, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз