Астанада пешпен жылытатын үйлерде тұратын тұрғындарға қатты отын сатып алуға арналған әлеуметтік өтемақы төленеді, деп хабарлады қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.
Әлеуметтік көмек Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген қағидаларға сәйкес көрсетіледі. Өтемақыны төлеу және өтініштерді қабылдау қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы жүзеге асырылады.
Кімдер ала алады?
Көмек келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:
- жасы бойынша зейнеткерлер;
- мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар;
- әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдыққандар;
- көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
- балалар үйлерінің түлектері;
- асыраушысынан айырылу жәрдемақысын алатын азаматтар (олармен бірге тұратын 18 жасқа дейінгі балалар және 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлім студенттері үшін).
Қандай талаптар бар?
Көмек алу үшін:
- жан басына шаққандағы табыс мөлшері төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс;
- өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің өзге тұрғын үйі болмауы керек;
- отбасы пешпен жылытылатын жеке үйде тұруы қажет.
Көмек мөлшері қандай?
2025 жылғы жылыту маусымына арналған өтемақы көлемі 16 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды — бұл 62 912 теңге. Егер бір үйде көмек алуға құқығы бар бірнеше адам бірге тұрса, өтемақы тек біреуіне ғана төленеді.
USD:
481.9 / 484.9
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.77 / 5.91
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…