USD: 472.3 / 475.3
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.73 / 5.85
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Астанада аялдамадан 66 жастағы ер адамның мәйіті табылды: тексеру жүріп жатыр

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Ер адамның жеке басы анықталды.

Бүгін Астанада А-108 көшесінде орналасқан қоғамдық көлік аялдамасынан ер адамның денесі табылды. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, медицина қызметкерлері келген кезде ер адамның биологиялық өлімі тіркелген.

"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткен сәтте азаматтың биологиялық өлімі анықталды. Қазіргі уақытта болған жайттың мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру жүргізіліп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды", – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның жеке басы анықталған. Аялдамадан табылған ер адамның 66 жаста екені белгілі болды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген полиция таратқан ақпаратта.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған жағдай көктайғақпен байланысты емес. Қазіргі таңда уәкілетті органдар оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау