Ақтөбеде терроризмді насихаттаған тұрғын 7 жылға сотталды

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Терроризмге үндегендерден қару мен діни материалдар тәркіленді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді, оның ішінде әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың алты жақтаушысын ұстады. Бұл туралы ведомство ресми хабарлады.

Тергеу дерегінше, күдіктілер діни негіздегі шабуылдар мен кісі өлтіруге үндеу таратып, зайырлы мемлекеттік тәртіпке қарсы шақырулар жасаған.

Арнайы операция кезінде олардың үйлерінен атыс қарулары мен суық қарулар, діни мазмұндағы көптеген материалдар тәркіленді.

"Сот санкциясымен ұсталғандар қамауға алынды. Тергеу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жүргізіліп жатқандықтан, басқа ақпарат жарияланбайды. Сонымен қатар, 3 қарашада терроризмге шақыратын материалдар таратқаны үшін Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген", – делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, жыл басынан бері террористік және экстремистік әрекеттерге қатысты:

  • 83 адам ұсталған,
  • 97 адам сотталған.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары