Алматыда тұман, Астанада қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды.

"Қазгидромет" еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының күрт бұзылатынын ескертті. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Алматыда түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Астанада күндіз жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болып, оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетуі ықтимал.

Бірқатар облыстарда да қолайсыз ауа райы күтіледі. Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарында қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болжанып отыр. Кей өңірлерде қалың қар жаууы мүмкін.

Жетісу облысында, әсіресе Алакөл маңында, желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Түркістан облысының таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтауға, алыс жолға шыққанда жағдайды ескеруге кеңес береді. Жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, көктайғақ кезінде барынша мұқият болу ұсынылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз