Dala.Camp Forum 2026 аясында Қазақстандағы мал шаруашылығы саласының кәсіпкерлері қосылған құн тізбегіне қатысты мәселені талқылады. Сарапшылардың айтуынша, фермерлер бұл тізбекте бар болғаны 10 пайыз шамасындағы үлеске ие болса, оның 40 пайыз үлесін логистика мен сатумен айналысатындар көріп отыр.
Бұл ретте "Мал шаруашылығындағы қосылған құн тізбегі" тақырыбындағы талқылау саланың ішкі логикасына — генетика мен биологиялық қауіпсіздіктен бастап өңдеу, баға қалыптастыру және нарыққа шығуға дейінгі кезеңдерде қосылған құнның қалай қалыптасатыны, бөлінетіні және жоғалатынына арналды.
Turan Қазақстан мал өсірушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Жәнібек Кенжебаев жүргізген пікірталасқа қатысқан спикерлер Қазақстандағы мал шаруашылығы әлі де ферма, бордақылау, өңдеу және өткізу секілді оқшау кезеңдерден тұратынын, ал қосылған құнның біркелкі қалыптаспай, тізбек бойында "ағып кететінін" атап өтті. Негізгі сын-қатер – фрагменттелген нарықтан әрбір буын жалпы экономиканы күшейтетін басқарылатын жүйеге көшу.
Талқылаудың өзегі – қосылған құн қай жерде жоғалады, толық вертикалды интеграциясыз тұрақты модель құру мүмкін бе және мал бағасын қалай болжамды етуге болады деген сұрақтар болды. Халықаралық тәжірибе биологиялық қауіпсіздік пен ветеринариялық стандарттардың тек бақылау құралы емес, баға қалыптастыру факторы екенін көрсетті. Реттеу мен нарық икемділігінің балансы да назардан тыс қалмады.
Әзербайжанның бас ветеринар дәрігері Галиб Абдулалиев биологиялық қауіпсіздіктің сауда артықшылығына айналуын атап өтті: жануарлардың генетикалық әлеуеті, сапалы жем-шөп, тиімді маркетинг және нарыққа қолжетімділік – ұсақ шаруашылықтар мен ірі өндірушілер үшін ортақ талап. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 75 пайыздан астамы ұсақ шаруашылықтардың үлесіне тиесілі, сондықтан олардың рөлі ерекше.
"Табысты мал шаруашылығын дамыту үшін жануарлардың генетикалық әлеуеті жоғары болуы керек. Мал басын жеткілікті әрі сапалы жемшөппен қамтамасыз ету маңызды. Ең бастысы – өнімді өткізетін нарықтың болуы және өз өніміміздің маркетингін жолға қою. Бұл кезеңдерді ұсақ фермерлік шаруашылықтар да, ірі өндірушілер де орындауы тиіс. Биологиялық қауіпсіздік осы жүйелердің барлығында – генетикада, азықтандыруда, ветеринарияда және саудада маңызды рөл атқарады", – деді ол.
Ал "Terra" компаниялар тобының бас директоры Ердос Тапаев мал шаруашылығында толық циклді иелену – әрдайым мақсат емес екенін және компаниялар тар салаларда кәсіби шоғырлануы керектігін айтты. Алайда нарықтық инфрақұрылым жеткіліксіз болған жағдайда көптеген кәсіпорындар бірігуге мәжбүр.
"Жері, репродукторлары, бордақылау алаңдары, ет комбинаттары және экспорттық нарықтары бар компаниялар бар. бірақ шаруалардың бәріне мұндай құрылымға, вертикалды жүйеге ие болуға ұмытлудың қажеті аз. Сондықтан, ұсақ шаруалар өзінің маманданған саласына көбірек көңіл бөлгені жөн. Ал назарын вертикалды жүйеге бұрып, ресусрын жан-жаққа жұмсайтын болса, тиімділік төмендейді. Сол үшін де әркім өз саласымен айналысқаны дұрыс. Осылайша, әлемдік деңгейдегі өзіндік құн қалыптасса, біз дәл осындай өзіндік құнмен нарықта бәсекеге қабілетті бола аламыз", – деді Ердос Тапаев.
Сессияда Түркістан облысындағы толық өндірістік циклді қалыптастыру тәжірибесі, климат, жем-шөп базасы, су ресурстары мен логистиканың өзіндік құнға ықпалы қаралды. "Қайып-Ата" ЖШС директоры Сырым Ертаев АҚШ пен Австралияның үздік тәжірибесіне негізделген мал биржасын құру жоспарын таныстырып, мәмілелердің ашықтығы мен заңдылығын, қатысушыларға арналған инфрақұрылымды қамтамасыз ету көзделетінін жеткізді.
Кооперация және салалық бірлестіктердің рөлі де назарда болды. Қазақстан мал өсірушілер одағының директоры Дәурен Салықов Қазақстанның пайдаланылмаған әлеуетін атап өтіп, жайылым көлемі бойынша елдің мүмкіндігі зор екенін, бірақ мал басы мен экспорт көлемінің әлі төмен екенін айтты.
"Бразилияда жайылым жерлерінің көлемі 196 млн гектарды құраса, Қазақстанда – 180 млн гектар шамасында. Соған қарамастан, Бразилияда мал басы 238 млн болса, Қазақстанда – 8,8 млн ғана. Айта кету керек, біздегі экспорт көлемі 30 мың тоннаны құраса, Бразилияда – 3,5 млн тонна. Рас, климатта айырмашылық бар, бірақ егер біз Бразилия жасап отырған шаруаның кем дегенде 50 пайызын атқара алсақ, оның өзі біз үшін өте жақсы нәтиже болар еді. Мысалы, Астанадан Бурабайға дейін 250 км жол жүрсеңіз, бірде-бір мал басын көрмейсіз. Міне, осындай бос жатқан жерді малмен толтыру – біздің тікелей міндетіміз болуы керек", – деді Дәурен Салықов.
Сессия қорытындысында спикерлер мал шаруашылығы – жеке кезеңдер жиынтығы емес, біртұтас жүйе деген ортақ пікірге келді. Әділ баға, инвестициялық тартымдылық пен тұрақты өсім тек жүйелі үйлестіру, ашық нарықтық механизмдер және бизнес, салалық бірлестіктер мен мемлекеттің серіктестігі арқылы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаһандық саудадағы қазақстандық сиыр етінің үлесі 1 пайыздан да аз – Dala.Camp
Қазақстанда ірі қара көп болғанымен, әлемдік ет нарығында ірі ойыншы емес – Dala.Camp
USD:
491.7 / 494.5
EUR:
583.5 / 587.5
RUB:
6.41 / 6.53