Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Серіков көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін Тілендиев көшесін ұзарту жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 14 ақпаннан 30 маусымға дейін Серіков көшесінің Хамит Алтай көшесімен қиылысында қозғалыс толықтай жабылады.
Аталған аумақты Қуанышбаев және Майқанова көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жөндеу жүргізіліп жатқан жерде ескерту белгілері орнатылып, мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта қойылады. Қала тұрғындары мен жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Оқи отырыңыз: "Бұрынғы жұбайын қудалап, қорқытқан". Алматыда "сталкинг" бабы бойынша алғашқы сот үкімі шықты
Еске салайық, көлік қозғалысына қатысты шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және Яндекс карталары қосымшасында жарияланады.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17