Жетісу облысында заңсыз жекеменшікке өтіп кеткен теміржол учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Бас әскери прокуратура хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Сарыөзек кентіндегі әскери бөлімге тиесілі теміржолға шығатын тармақтың бір бөлігі жер комиссиясы мен жер қатынастары жөніндегі жергілікті органның шешімі арқылы коммерциялық құрылымның меншігіне заңсыз берілген.
"Заңбұзушылық Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасы жүргізген тексеру барысында анықталған. Осыдан кейін әскери бөлім Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінген. Сот талап арызды толық қанағаттандырып, құны 75 млн теңгеден асатын кірме теміржол тармағын қорғаныс ведомствосының меншігіне қайтарды", – делінген хабарламада.
Ведомство аталған факті бойынша жауапты органдардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін атап өтті.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59