USD: 470.1 / 472.9
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Ұшпа, Сұңқар, Жүрдек: Қазақстандықтар Астанадағы LRT-ға қазақша атау іздеп жатыр

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Жаңа көлік жүйесіне символдық не ұлттық реңкі бар атау беру тәжірибесі әлемде бұрыннан бар.

Астанада 16 мамырда іске қосылған LRT-ға қазақша атау беру туралы пікірталас әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары жаңа көлік түріне ұлттық реңкі бар атау ұсынуда.

Талқыны журналист, публицист Қайнар Олжай бастады. Ол LRT атауы қазақ тіліне ыңғайсыз екенін айтып, жаңа атау қажет деген пікір білдірді.

"LRT — қазақ үшін көліктің ғана емес, заттың жаңа түрі. Енді оған ат керек. Оның екі жолы бар: не халықаралық терминдегі атауын сақтау, не қазақша атау (...) Ана тілімізге қолайсыз ғана емес, қисынсыз. Түсінікті етіп қазақша толық айтса шұбалаңқы. "Жеңіл рельсті көлікке отырамын", "Жеңіл рельсті көлікте келе жатырмын" деу — сөйлемді айтқанда да, жазғанда да созады. Тіпті, ауызекі тілде ешкім олай деп жатпайды-ау", – деп жазды ол.

Қайнар Олжай көліктің бұл түрін "Ұшпа" деп атауды ұсынды.

"Өйткені, жерде емес, жоғарыда қозғалады. Екіншіден, көшедегі кептелген автомобильдерге қарағанда діттеген жерге тез жеткізеді. Үшіншіден, қосарланған, шұбатылған сөз емес. "Ұшпаға отырайық", "Ұшпамен барамын" деп айтқанға қолайлы ғой", – деді ол.

Осыда кейін желі қолданушылары да өз нұсқаларын ұсына бастады.

Фото: Ақорда

Журналист Гүлжанат Мақұлжанова LRT-ны "Сұңқар" деп атауды ұсынды. Ұсынысын Махамбет, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Шаханов шығармаларынан мысалдармен негіздеді.

"Қазақта Сұңқар – еркін рухтың,тектіліктің, биіктіктің,шапшаңдықтың, қырағылықтың символы", – деп жазды ол.

Ал Нұрболат Адырбек "Жүрдек" деген атау сәттірек болуы мүмкін деп есептейді.

"Меніңше бұның атауы, Жүрдек болғаны дұрыс. Жүрдек деген жылдам деген мағына ғой. Бұл сөз, тек көлікке қатысты айтылады. "Алматыдан Астанаға қатынайтын жүрдек пойыз, бірінші жолдан жүргелі тұр" деген секілді сөздер құлағымызға да әбден сіңісті болғалы қашан. Былай айтылуға да ыңғайлы. "Жүрдекпен барамын", "Жүрдекті күтіп тұрмын" деген сөздер айтылуға да естілуі де әдемі емес пе?", – деп жазды Нұрболат Адырбек. 

Фото: Ақорда

Бауыржан Ғұбайдуллин болса, бірден бірнеше атау нұсқасын ұсынды. Оның қатарында:

  • Самғау;
  • Желмая;
  • Сұңқар;
  • Тұлпар;
  • Қыран;
  • Сәйгүлік;
  • Арғымақ;
  • Тайбурыл;
  • Ақбозат бар. 

Ресми орган бұл ұсынысқа қалай қарайды?

Бұл ұсыныстарға қалай қарайтынын білу үшін City Transportation Systems (CTS) компаниясына хабарласқанымызда, олар әзірге күн тәртібінде басқа мәселе тұрғанын айтты.

“Қазір бірінші қауіпсіздік мәселесін реттеп алайық. Атау туралы сосын талқылаймыз”, – деп жауап берді компания өкілдері.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде LRT пойызының тоқтап қалған видеолары тараған еді. CTS компаниясы мұны жолаушылардың қауіпсіздік ережелерін бұзуымен байланыстырды. Компания мәліметінше, кейбір азаматтар шұғыл тежеу батырмасын себепсіз басып, есіктердің жабылуына кедергі келтірген. Соның салдарынан автоматтандырылған жүйе қауіп ретінде қабылдап, пойыз уақытша тоқтаған.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Әлемдік тәжірибе қандай?

Әлемде жаңа көлік жүйелеріне символдық не ұлттық реңкі бар атау беру тәжірибесі бұрыннан бар. Мысалы, Өзбекстандағы жоғары жылдамдықты пойыз "Афросиоб" деп аталады. Ол Самарқандтағы көне қаланың құрметіне қойылған. Ал Ыстанбұлдағы Босфор бұғазы астымен өтетін теміржол желісі Мәрмәр теңізінің құрметіне, "Мармарай" атауын алған. Калифорниядағы қала маңы теміржолы "Caltrain" деп аталады. Ол "California" және "train" сөздерінен құралған. 

Көлік атауын аббревиатура түрінде қалдырған елдер де бар. Мысалы Францияда TGV жүрдек пойызы бар. Толық атауы Train à Grande Vitesse – жоғары жылдамдықты пойыз дегенді білдіреді, бірақ қысқарған нұсқасы брендке айналып кеткен.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз