USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Қазақстанда "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына өтінім беру басталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Байқау лауреаты атағына үздік деп танылған 20 отбасы ие болады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайынғы "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлады

Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған. Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады. 

Байқауға қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады. Байқау екі кезеңде өтеді: 

  • Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін). 
  • Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін). 

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірінен үздік деп танылған 20 отбасына беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді. 

Осы жылдар ішінде конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Биыл қатысуға ниет білдіргендер өз өтінімдерін өңірлік комиссияларға жібере алады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз