Прямой эфир Новости спорта
Материалы с тегом #Отбасы

Отбасы

Отбасы жаңалықтары

2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген болатын.

2013 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күні мерекесі аталып өткен еді. 2014 жылы 5 наурызда "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкімі 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы қаулы шығарған болатын және ол ресми БАҚ-та жарияланған еді. Осы жылдан бастап қоғам назарын отбасылық құндылықтарды сақтауға аудару әрі оны дәріптеу мақсатында "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы өткізіліп келеді.

Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.