Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға "Аягөз" тұрғын үй кешенінен пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өткен жылы өңірде 178 отбасына пәтер беру жоспарланған болатын. Соның ішінде 140 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды. Бүгін 19 отбасы пәтер кілтін алса, қалған 18 отбасыға пәтер жақын арада табысталады.

Шаңырақ күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Махуов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
– Бұл – әкімдік пен "Отбасы банк" бірлесіп жүзеге асырып жатқан жоспарлы жұмыстардың бірі. Биыл жергілікті бюджет есебінен 200 пәтер дайындалып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жыл соңына дейін табысталады, – деді ол.
Жаңа қоныс иелерінің бірі – Сайда Жамилова. Ол соңғы 13 жыл бойы бес баласымен пәтер жалдап келген.
– Мен жалғызбасты анамын, бес балам бар. Үлкен ұлымның мүгедектігі бар. Сондықтан бұл үйді алу – біз үшін үлкен бақыт. Енді балаларым кең әрі жайлы жерде өсіп, еркін дамиды. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға шын жүректен ризамын, – деді қала тұрғыны Саида Жамилова.
USD:
482.3 / 485.1
EUR:
556.0 / 561.0
RUB:
5.79 / 5.93