Нұрай Серікбайдың өлімі: Шымкентте күдіктіге үш ауыр бап тағылып, өмір бойына сотталуы мүмкін

Нұрай Серікбай. Видео скрині
Нұрай Серікбай. Видео скрині
Қылмыс "аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" ретінде бағаланып отыр.

Шымкент қаласында Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікпен ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қайта сараланып, бірден үш ауыр бап бойынша айып тағылды.

Қазіргі таңда күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу мәліметінше, қылмыс "аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" ретінде бағаланып отыр. Бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

"Күдіктіге Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы – аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру, 125-1-бабы – некеге мәжбүрлеу, 115-1-бабы – сталкинг бойынша айып тағылды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 11 қаңтар күні Шымкент қаласында болған. Қала тұрғыны Нұрай Серікбай пышақ жарақаттарынан көз жұмды. Тергеу мәліметінше, қылмысқа дейін күдікті марқұмды ұзақ уақыт бойы қоқан-лоқы көрсетіп, соңына түскен.

Оқиғадан кейін, 16 қаңтарда Ішкі істер министрлігі Шымкент қалалық полиция департаментінде қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та аталған іс бойынша құқық қорғау органдарының әрекетіне жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды.

Тексеру қорытындысы бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды. Сондай-ақ бірқатар полиция қызметкеріне салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз