USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша үш пойыз жолға шығады: 35 мың орын қосылады

Фото: Көлік министрлігі
Фото: Көлік министрлігі
Қолданыстағы пойыздардың құрамына 230-ға жуық тіркеме вагон қосылып, қосымша орындар саны арттырылады.

Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанда қосымша үш пойыз іске қосылады. Бұл шара мереке кезінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның мәліметінше, мереке күндері пойызбен сапар шегетін жолаушылар саны күрт артады. Осыған байланысты, сұранысы жоғары бағыттарда 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындалды. Сонымен қатар, қолданыстағы пойыздардың құрамына 230-ға жуық тіркеме вагон қосылып, қосымша орындар саны арттырылады.

Қосымша пойыздардың қозғалысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:

  • №201/202 Алматы-2 – Астана-1: Алматыдан 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурызда, Астанадан 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурызда. Барлығы — 6 рейс.
  • №204/203 Астана Нұрлы жол – Шымкент: Астанадан 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурызда, Шымкенттен 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурызда. Барлығы — 8 рейс.
  • №205/206 Ақтөбе – Астана Нұрлы жол: Ақтөбеден 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурызда, Астанадан 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурызда. Барлығы — 6 рейс.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне хабарласуға болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз