5 ақпанда Қазақстанның бірқатар аймағында күрт суытып, қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктердің мәліметінше, елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды қоса алғанда, 16 өңірде дауылды ескерту жарияланған.
Астанада қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Алматыда түнде және таңертең тұман түсіп, таулы аймақтарда жел күшейеді. Шымкент пен Түркістанда да оңтүстік-батыстан соққан қатты жел күтіледі.
Қарағанды облысының батысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Ұлытау облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ және тұман болжанып отыр. Жезқазған қаласында күндіз ауа райының күрт нашарлауы мүмкін.
Ақмола облысында аяз күшейіп, түнде ауа температурасы -17…-25 градусқа дейін төмендейді. Ақтөбе облысында да қатты суық күтіліп, алдағы түндері -23…-28 градусқа дейін аяз болады деп болжануда.
Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Абай, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарында қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, көктайғақ, тұман және бұрқасын болады. Кей өңірлерде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Алакөл маңында да қатты жел сақталады.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруін ескеріп, жолға шыққанда сақ болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17