Тікелей эфир

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер сақтандыру төлемін қалай алады?

Шартта шығындарды өтеу қарастырылса келісімшарт жасалған сақтандыру компаниясына жүгіну керек.

Алматыда және еліміздің басқа да өңірлерінде болған террорлық актілердің нәтижесінде тұрғындар да, кәсіпкерлік субъектілері де зардап шекті. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келді. Бизнесі тоқтатылып, мүлкі бүлінген кәсіпкерлер үлкен шығынға ұшырады. Осы орайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандырылған азаматтарға сақтандыру төлемдерін қалай алуға болатынын айтты.

Сақтандыру – халықты әлеуметтік қорғаудың сапалы институты және экономиканы қаржыландырудың ұзақ мерзімді көзі. Жасалған сақтандыру шартының болуы сақтанушыны және оның мүлкін тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз етеді.

Агенттік мәліметінше, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, және кәсіпкерлік субъектілерінің мүлкіне келтірілген зиянды сақтандыру сақтандырудың ерікті сыныптары шеңберінде жүзеге асырылады. Сақтандыру шарттары және сақтандырудың ерікті сыныптары бойынша сақтандыру төлемдерін алу тәртібі сақтандыру келісімшарттарымен айқындалады.


Оқи отырыңыз: Жаңаөзенде басталған бейбіт митинг Алматыда қалайша бүлікке айналып кетті?


"Азамат немесе кәсіпкер ерікті сақтандыру шартын жасаса және сақтандыру жағдайы орын алса, яғни нәтижесінде өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірілген оқиға болса, бірінші кезекте, жасалған сақтандыру келісім-шартының талаптарын талдау қажет. Келісімшартта сақтандыру жағдайы ретінде қандай оқиғалар белгіленгеніне, сақтандыру сомасының және белгіленген сақтандыру төлемінің мөлшеріне, қандай жағдайларда сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін алудан бас тартуға құқылы екендігіне және келісімшарттың басқа да елеулі талаптарына назар аудару қажет", – делінген Агенттік хабаралмасында.

Егер сақтандыру шартында келтірілген шығындарды өтеу қарастырылса, сақтандыру төлемін алу үшін келісімшарт жасалған сақтандыру компаниясына жүгіну керек. Сақтандыру жағдайы болған кезде сақтандыру компаниясына ұсынылуы тиіс құжаттардың тізбесі шартпен айқындалған.

Сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан заңсыз бас тартса, азаматтар өз құқығын қорғау үшін сақтандыру омбудсменіне (мекенжайы: Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28/7, "Бай – Тал" ТК аумағы, 2-қабат, электрондық пошта – office@omb.kz, телефон нөмірі – (727) 382-41-74, сайт – www.insurance-ombudsman.kz) немесе агенттікке жүгінуге құқылы.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары