Алматы қаласындағы бизнес орындарына келген шығын – 67 миллиард теңге.
Сауда үйіндегі барлық құжаты тоналған Алматының 500 кәсіпкері үкіметтен көмек сұрады. Айтуларынша, сауда үйі тоналмай тұрып нысан әкімшісі ғимарат ішіне кіргізбеген. Тек сауда үйіндегі "Қорған" қару-жарақ дүкеніне бүлікшілер шабуыл жасаған соң ғана ішке кіруге рұқсат берген, деп хабарлайды 31-арнының "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
"Бізге тек 5 минут берді. "Қорғанға" қалай кіріп жатқанын өз көзімізбен көрдік. Қолдарында балта мен қару болды. Тауарларымызды басымызды тәуекелге тіге отырып алып шықтық. Жеке өзім 06.30 кезінде келіп, сағат 06.45-те қорыққаннан шығып кеттім”, – дейді жеке кәсіпкер Айдана Алтынханова.
Сауда үйіне алты рет шабуыл жасалған соң ғимарат әкімшісі 7 қаңтарда жеке кәсіпкерлерге хабарласып, "әркім өз сауда орнын жинасын" деген. Алайда кәсіпкерлер криминалдық полицияның бірінші болып баруы керегін ешкім ескертпегенін айтады.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы ішкі істер департаментіне 9 сағатта 27 рет шабуыл жасалған
"Чек, инвойс, калькуляция керек деп жатыр. Бірақ, мұның барлығы жоғалды ғой. Бізді қатты қинамауын өтініп сұраймыз", – деді кәсіпкер Ақкенже Ғұмарова.
Дәл осы сауда үйінің 500 кәсіпкері "Атамекен кәсіпкерлік палатасына" өтініш жазған. Енді Үкіметтің араласқанын қалайды.
"Кәсіпкер infokazakhstan.kz сайты арқылы қажетті құжаттарды қоса отырып, өтемақыға өтініш береді. Өтінішке электронды цифрлы қолтаңба қойылады. Келтірілген залалдың сомасын барынша объективті тез анықталған әдісін үкімет талқылап жатыр. Осы бүгін-ертең қабылданады", – деді Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.
Алматы қаласындағы бүліктен кейінгі шығын 112,6 млрд теңгеге жетеді. Оның ішінде бизнес орындарына келген шығын – 67 миллиард теңге.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-