Тәртіп сақшылары шабуылдаушылардың департаменттің 4 жағынан кірмекші болғанын және қарудың нақты қай жерде тұрғанын білгенін айтады.
5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде мыңнан аса азамат аудандардағы ішкі істер бөлімін басып алмақ болғанда "Қамал" жоспары жарияланған. Полицейлердің айтуынша, шабуылдаушылардың көздегені қару сақталған қойма болған. Департаменттегі қарулы қақтығыс кешкі 8-де басталып, таңғы 5-ке дейін созылды, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Полицейлердің сөзінше, ішкі істер департаментіне 27 рет шабуыл жасалған. Бұзақылар шабуыл кезінде бірнеше топ болып, арнайы жоспар бойынша жұмыс істеді. Алдымен олар айналадағы бейнебақылау камераларын сындырған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары шабуылдаушылардың департаменттің 4 жағынан кірмекші болғанын және қарудың нақты қай жерде тұрғанын білгенін айтады.
"Автомат, граната сияқты оқ-қаруларды пайдалана отырып, полиция департаментінің ішіне кірмекші болған. Абырой болғанда ол жоспарлағаны іске асқан жоқ. Бұл өте жақсы дайындалған адамдар", – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде 185 полиция қызметкері жарақат алған. Оның ішінде екеуінің жағдайы ауыр.
Еске салсақ, Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан 2402 адам ұсталғаны туралы хабарлаған едік.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Бостандық ауданында өрт орнынан 4 адамнан тұратын отбасы құтқарылып, 70 адам эвакуацияланды
-
281
-
0
-
0
-
-
2Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
-
296
-
0
-
0
-
-
3Қайырлы таң!
-
225
-
0
-
10
-
-
4Автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауды және транзитті дамыту
-
204
-
0
-
2
-
-
52024 жылы қажылыққа биылғы 20 желтоқсанға дейін тіркелген азаматтар ғана бара алады
-
185
-
0
-
2
-
-
6💬Мемлекет жастардың мұғалім атануға ұмтылысын әрі қарай да қолдайды – Әлихан Смайылов
-
166
-
0
-
1
-
-
7Көктайғақ: елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді
-
132
-
0
-
0
-
-
8🏦 Санья қаласында (ҚХР) өтіп жатқан ЕАТ 39-пленарлық отырысы аясында «AML Academy» Қаржы мониторингі академиясының басшылығы мен Қырғызстан Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік қаржылық барлау қызметінің Оқу орталығы арасындағы екіжақты кездесу өтті.
-
125
-
0
-
0
-
-
9🚇 Алматы метросына қосымша пойыз қосылады
-
92
-
0
-
0
-