"Қызметкеріне күш қолданған". Шымкент әкімдігі желідегі видеоға байланысты қызметтік тексеру бастады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қаратау ауданы әкіміне қатысты жағдай тексеріледі.

Шымкент қаласы әкімдігі әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты қызметтік тексеру тағайындады.

Бейнежазбада аудан әкімдерінің бірі болуы мүмкін тұлғаның әлдебір адамдарға күш қолданғаны байқалады.

Әкімдік мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіледі.

"Қала әкімдігі заңдылықты сақтау, қызметтік әдеп қағидаттарын ұстану және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу ұстанымын басшылыққа алады. Егер бейнежазбада көрсетілген жайттар расталса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, видеода Алмас Абаев болуы мүмкін екені айтылып жатыр. Ол 2025 жылғы сәуір айында Қаратау ауданының әкімі болып тағайындалған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз