Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жасар оқушыны қорлады деген күдікке ілінді: тергеу басталды

Фото: unsplash.com
Фото: unsplash.com
Ата-ана ұстаздың қатаң жазалануын талап етті.

Шымкент қаласында мектеп мұғалімі оқушы қызға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы баланың анасы мәлімдеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Айтуынша, бірінші сыныпта оқитын жеті жастағы қызына 36 жастағы педагог әдепсіз әрекет жасаған. Оқиға мектептегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған көрінеді. Анасы білім мекемесіне барып, жазбаларды көргенін және ұстаздың қатаң жазалануын талап етіп отырғанын айтты.

Күдікке ілінген азамат аталған мектепте төрт жылдан бері цифрлық сауаттылық пәнінен сабақ берген. Қазір ол уақытша қызметінен шеттетілген. Мектеп әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, мұғалімнің тарапынан арам ой болмаған, ол тек оқушыны жұбатпақ болғанын алға тартты.

Ал жәбірленуші тарап өзге ата-аналар да ұстаздың қыздарға қатысты ерсі қылық көрсеткенін айтқанын жеткізді.

Шымкент қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта бейнежазбалар зерделеніп, куәгерлерден жауап алынуда. Тергеу аясында барлық мән-жай анықталып, заң аясында құқықтық баға берілмек.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз