2028 жылдың соңында Дубайдағы Бурж Халифа ғимараты өзінің әлемдегі ең биік ғимарат ретіндегі атағын ресми түрде тапсырып беруі мүмкін. Бұл атақты иеленуді мақсат тұтқан Сауд Арабия корольдігіндегі Jeddah Tower ғимаратының құрылысы осы аталған мерзімде аяқталуы тиіс.
Gulf news жазуынша, қазіргі таңда ғимараттың биіктігі 466 метрге немесе 116 қабатқа жеткен. Бұл көрсеткіші арқылы Jeddah Tower қазір әлемде биіктігі жөнінен 20-орынды иеленетін Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы Петронас тоуерс-тен (451,9 метр) озып кетті. Айта кетейік, бұл егіз ғимарат 1998-2004 жылдар аралығында әлемдегі ең биік ғимарат болған еді.
Jeddah Tower ғимараты жоспар бойынша 157 қабаттан тұрады. Ал биіктігі шамамен 1008 метр болады. Ал қазіргі рекордсмен Бурж Халифаның биіктігі 828 метр болғанымен, қабат саны – 163.
Яғни, құрылысы біткен жағдайда Jeddah Tower ғимараты әлемдегі ең биік ғимарат атанғанымен, қабат саны жөнінен ол бәрібір Бурж Халифадан асып түсе алмайды деген сөз.
Еске салайық, Бурж Халифа 10 жылдан астам уақыттан бері әлемдегі ең биік ғимарат атағын бермей келеді. Екінші орында Малайзиядағы Merdeka 118 (679 метр) болса, үздік үштікті қытайдың Шанхай қаласындағы Shanghai Tower (632 метр) түйіндейді.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында биік ғимарат салуға тыйым салынды. Жаңа заң қабылданды
Мазақ болған Майлин мүсіні: Астанада ескерткіштердің күтіміне кім жауап береді