Жігіттің қызға берген қалың малы мәһр ретінде есептеле ме? ҚМДБ мәселеге нүкте қойды

Қалың мал, мәһр. Фото: Depositphotos.com
Қалың мал, мәһр. Фото: Depositphotos.com
Мүфтият қалың мал мен мәһрге қатысты дауға түсініктеме берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қалың мал мен мәһрдің айырмашылығына қатысты түсіндірме берді. Мүфтияттың мәліметінше, жігіттің қыздың әулетіне қалың мал ретінде берген дүниесі болашақ келіннің келісімімен мәһр ретінде есептелуі мүмкін. Бұл жағдайда неке дұрыс болып саналады, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Қалың мал – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрі. Бұрын жігіт жағы қыздың отбасына мал-мүлік берсе, қыздың ата-анасы жаңа өмірге қажет жасау дайындаған.

Ал мәһр – шариғат бойынша әйелдің жеке меншігі. Оған ата-анасы да, күйеуі де әйелдің рұқсатынсыз иелік ете алмайды. Сондықтан қалың мал мен мәһрдің мәні мен мақсаты бөлек.

Қоғамда осы екі ұғымды қатар беру керек пе, әлде қалың малды мәһрдің орнына есептеуге бола ма деген сауал жиі талқыланады. Діни басқарманың түсіндіруінше, Ғұламалар кеңесінің шешімі бойынша, қалың мал ретінде берілген дүние қыздың келісімімен мәһр ретінде қабылдануы мүмкін. Егер қыз бұған келіспесе, мәһр бөлек берілуге тиіс.

Қыздың келісімі маңызды

Нұрсұлтан мешітінің наиб имамы Жандос Айтбайдың айтуынша, мәһр – некенің маңызды шарттарының бірі. Ал қалың мал берілмеуі некенің дұрыс болуына кедергі емес.

"Егер некеде мәһр берілмесе, неке дұрыс болмайды. Ал қалың мал берілмесе, неке дұрыс болып саналады. Егер қыз: “Мен осыны мәһр ретінде өзіме қабылдадым. Менің мәһрім болсын осы берілген қалың мал”" – десе, онда қалың мал мәһрдің орнына жүреді", – деді имам.

Мүфтият мәһрді неке қию кезінде, оған дейін немесе кейін беруге болатынын да еске салады. Бұл ретте екі тараптың келісімі маңызды. Ал қалың мал беру дәстүрі жоқ өңірлерде неке кезінде мәһр мәселесі міндетті түрде ескерілуі керек.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау