Боксшы Сәкен Бибосынов отбасындағы ауыр кезеңнен кейін ұлды болды

Сәкен Бибосынов. Видео скрині
Сәкен Бибосынов. Видео скрині
Боксшы үш перзентінен айырылғанын айтты.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов ұлды болды. Спортшы қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісіп, отбасымен бірге бастан өткерген қиын кезеңдерді де еске алды.

Сәкен Бибосыновтың жазуынша, бұл қуанышқа жету отбасы үшін оңай болмаған. Ерлі-зайыпты бұған дейін үш перзентінен айырылып, ауыр қайғыны бастан өткерген.

"Кейбір қуаныштың артында ешкім білмейтін қаншама көз жасы, үнсіз түндер мен дұғалар жатады екен. Бұл қуанышқа жеткенге дейін тағдырдың талай сынағынан өттік. Үш перзентімізден айырылдық… Үшеуінің де орны жүрегімізде мәңгі сақталады. Ата-ана үшін баласынан айырылудан ауыр қайғы жоқ шығар. Біз де үнсіз жыладық, іштей күйзелдік. Бірақ Алладан үмітімізді үзбедік. Дұға еттік, күттік, сендік. Сабыр сақтап, Жаратқаннан медет сұрадық", – деп жазды спортшы.

Боксшы бүгінгі қуанышты сәтті отбасы үшін талай сынақтан кейін келген үміт пен бақыт деп сипаттады.

"Бүгін сол дұғаларымыздың біріне жауап келгендей. Алланың қалауымен ұлды болдық! Бүгін құшағымыздағы кішкентай сәби – талай көз жастан кейінгі қуанышымыз, талай сынақтан кейінгі үмітіміз. Оның әрбір тынысы біз үшін баға жетпес бақыт", – деді ол.

Сәкен Бибосынов үш перзентінің орны жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті. Сондай-ақ сәби сүюді армандап жүрген барлық ата-ананың тілегі қабыл болып, әр шаңыраққа бала күлкісі бұйырсын деген тілегін жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау