Назарбаев зияткерлік мектептеріне құжат қабылдау басталды. Емтихан қашан

Назарбаев зияткерлік мектебі. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Назарбаев зияткерлік мектебі. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Құжаттар 28 желтоқсанға дейін қабылданады.

Бүгін, 23 қарашада Қазақстандағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің 7-сыныбына қабылдауға арналған құжат өткізу науқаны басталды. Ол 23 қарашада басталып, 28 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Үздіктер 2027-2028 оқу жылында Қазақстан президентінің "Өркен" білім беру грантымен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбына қабылданады. 

Құжаттарды онлайн және офлайн тапсыру мүмкіндіктері бар. 

Онлайн форматта құжаттар eGov.kz порталында қабылданса, сондай-ақ құжаттарды Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабылдау комиссиясына апарып та өткізуге болады. 

Кешенді тестілеу 2027 жылғы 26-27 наурызда өтеді.

Құжаттарды онлайн өткізгенде қажет құжаттар тізімі:

  • Конкурсқа қатысуға өтініш.
  • Заңды өкілдің келісімі (электрондық қолтаңбамен).
  • Баланың цифрлық фотосуреті.
  • Егер бала шетелдік мектепте оқыса – оқу үлгерімін растайтын табель немесе анықтама.

Құжаттарды қабылдау комиссиясына апарып өткізгенде қажет құжаттар тізімі:

  • Өтініш.
  • Сауалнама.
  • Баланың туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі.
  • Ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі.
  • Ағымдағы оқу жылындағы үлгерім табелі (мектеп директорының қолы және мөрімен расталған).
  • Баланың фотосуреті.
  • Қажет болса, Қазақстан азаматтығын растайтын құжат.
  • Егер құжатты басқа адам тапсырса, сенімхат қажет болады.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау